Трамптың педофил-миллиардер Эпштейннің ісіне қатысты адамдар қатарында екені рас боп шықты

24.07.2025, 11:51
577
Трамптың педофил-миллиардер Эпштейннің ісіне қатысты адамдар қатарында екені рас боп шықты Dafydd Jones

АҚШ Бас прокуроры Эпштейн ісінде Трамптың аты аталғанын растады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди 2025 жылдың мамыр айында ел президенті Дональд Трампқа оның есімі Джеффри Эпштейнге қатысты іс материалдарында кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті жазды.

Газет жазуынша, құжаттарда көптеген танымал адамдарға қатысты «растаусыз алып-қашпа әңгімелер» бар. Олардың қатарында АҚШ президенті Трамп та аталады. Ол бұған дейін Эпштейнмен жеке араласқаны белгілі. Алайда дереккөздердің бірі бұл істе Трамптан бөлек жүздеген адамның аты кездесетінін айтады.

Ақ үйдегі «әдеттегі брифингтердің» бірінде Бонди бұл ақпаратты Трампқа жеткізген. Алайда басылымның мәліметінше, президенттің аты аталғаны сол кездегі жиынның негізгі тақырыбы болмаған. Сонымен қатар WSJ Трамптың аталған істе аталу фактісі оның заң бұзғанын білдірмейтінін ескертеді.

Пэм Бонди Трампқа Әділет министрлігі бұл тергеуге қатысты басқа ешқандай құжатты жарияламайтынын да айтқан. Мұндай шешімнің себебі — істе кәмелетке толмағандарға қатысты порнографиялық материалдар мен жәбірленушілердің жеке мәліметтері бар.

Айта кетейік, Джеффри Эпштейн АҚШ-та кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартты деген айыппен қамауға алынған болатын. Бүгін Флоридадағы Оңтүстік округ соты президенттің өтінішімен бұл іске қатысты Үлкен алқабилер отырысының стенограммасын жариялаудан бас тартқаны белгілі болды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды