SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 25 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазгидрометтің дерегінше, найзағай, бұршақ, дауыл, аптап ыстық және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысы
25 шілдеде облыс аумағында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Шығыс пен солтүстікте жел күшейеді. Талдықорғанда күндізгі температура 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысы
Таулы аймақтарда найзағай болжанып отыр. Алматы қаласында 25–28 шілде аралығында күндізгі ауа температурасы 35-36 градусқа жетеді. Қонаев қаласында да 36-38 градусқа дейін ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысы
Облыстың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде найзағай, ал күндіз желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Атырауда найзағай соғып, жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
Солтүстік пен орталықта найзағай мен шаңды дауыл болжануда. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында да ұқсас ауа райы күтіледі. Өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысы
Солтүстік пен шығыста бұршақ аралас жаңбыр және дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с. Оралда найзағаймен қатар бұршақ жауып, жел күшейеді. Өрт қаупі де бар.
Ұлытау облысы
Батыс, солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде найзағай болады. Күндіз 35 градусқа дейін ыстық. Жезқазғанда найзағай күтіліп, облыс бойынша өрт қаупі жоғары деңгейде.
Қарағанды облысы
Батыс пен солтүстікте найзағай, жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстікте және орталықта күн 36 градусқа дейін ысиды. Қарағанды қаласында найзағай соғып, өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
Найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа жетеді. Қостанай қаласында найзағай мен қатты жел болатыны болжануда. Өрт қаупі – жоғары.
Маңғыстау облысы
Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында найзағай, орталығында шаңды дауыл соғады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
Солтүстік-шығыс және таулы өңірлерде жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда аптап ыстық – 39 градус күтіледі. Өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысы
Солтүстік пен батыста шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 20 м/с. Облыс бойынша 40-42 градусқа дейін ыстық болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында аптап пен өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысы
Батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады. Жел күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде найзағай болады.
Павлодар облысы
Батыс пен оңтүстікте найзағай күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батыс пен оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай және тұман күтіледі. Жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда найзағай мен қатты жел болжануда.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыста 15-20 м/с жел соғады, оңтүстікте 35 градус ыстық. Өрт қаупі жоғары. Өскеменде де өрт қаупі сақталады.
Абай облысы
Батыс бөлігінде 20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі. Оңтүстікте 37 градусқа дейін ыстық. Семей қаласында өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысы
Батыс пен солтүстікте бұршақ пен дауыл, найзағай, қатты жел болжануда. Жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Көкшетауда найзағай күтіледі.
Астана қаласы
25 шілдеде найзағай соғады, жел бағытын өзгертіп, 20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
RUS