«Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты

25.07.2025, 16:34
780
«Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты SMARTNEWS.KZ коллажы

Қызылорданың 40 градус ыстығында синтетика газонда футбол ойнау мүмкін емес дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қазақстандық футбол бапкері Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Қызылордада салынып жатқан жаңа стадионға синтетикалық төсеніш төсеу жоспарын қатаң сынады. Оның айтуынша, бұл шешім – ақшаны желге шашумен тең.

«Азия футбол қауымдастығы жақында жасанды алаңдарға тыйым салмақшы. Қазір тек тамызға дейін кейбір турнирлерге рұқсат беріп отыр, бірақ кейін ондай төсенішке мүлде жол бермейді. УЕФА да барлық ресми матчтарды табиғи шөпте өткізуді талап етеді. Сонда ұлттық құраманың және еурокубок ойындарының жасанды төсеніште өтуі қалай болмақ?» – деді Огай.

Ол Қызылордадағы климатты ескеріп, мұндай өңірге синтетика мүлде жарамайтынын айтты.

«Қызылордада қазірдің өзінде синтетикалық алаңы бар стадион бар. Енді жаңасына да сондай төсеніш төсемекші. Бұл өңірде жазда +40°C ыстық болады. Ондай температурада жасанды алаңға шығу — футбол емес, азап. Мұны түсіну үшін футболшылардан сұрау жеткілікті», – деді ол.

Огай жаңа стадион УЕФА талаптарына сай келмесе, еурокубоктың топтық кезеңі сияқты маңызды ойындарды өткізуге жарамайтынын ескертті.

«Мұндай стадионда тек ішкі чемпионат пен еурокубоктың іріктеу кезеңі өтеді. Бірақ команда топтық кезеңге шықса, ол жерде ойнай алмайды. Бұл барып тұрған логикаға қайшы дүние. Егер жаңа стадион салынса, оны толыққанды халықаралық стандартқа сай қылу керек. Әйтпесе не үшін ақша шашып жатырмыз?» – деп ашынды бапкер.

Сондай-ақ ол Астанадағы ұлттық құраманың ойынын мысалға келтіріп, Қазақстанда кемінде бір табиғи төсенішті стадионның болуы керектігін баса айтты.

«Жасанды төсеніште ойнау — кәдімгі спортзалдағы футбол сияқты. Жанды атмосфера болмайды, доптың жүрісі де, ойынның мәні де өзгереді», – деді Огай.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында халықаралық талаптарға жауап беретін, 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы жүріп жатқаны хабарланған еді. Бұл нысан УЕФА-ның III санатындағы спорт аренасы ретінде жіктелген. 

Жаңа стадион тек футбол матчтарына емес, түрлі спорт түрлеріне арналған көпфункциялы кешен ретінде де қолданылады. Жобада бокс, күрес, ауыр атлетика, футболшыларға арналған жаттығу залдары, сондай-ақ йога, гимнастика, акробатика және сауықтыру бағытындағы дене шынықтыру залдары қарастырылған.

Tengri Sport редакциясының бұған дейінгі ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, стадион құрылысына бюджеттен 20,9 миллиард теңге бөлінген. 2025 жылдың 17 маусымындағы мәліметке сүйенсек, құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Нысан биыл тамызда пайдалануға берілуі тиіс.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған «Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады