Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті

25.07.2025, 15:15
783
Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті Shamil Zhumatov / Reuters

Вьетнамдық компания мен Құлыбаевқа тиесілі компания «Ақ-Бұлаққа» 233 миллиард теңге ақша құймақшы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында туризм саласы тағы да белгілі миллиардер Тимур Құлыбаевтың қолына өтті. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Облыстың Туризм басқармасы Вьетнамдық Crystal Bay компаниясымен және Құлыбаевқа тиесілі «Кипрос» ЖШС «Ақ-Бұлақ» тау-шаңғы курортын жаңғырту туралы меморандумға қол қойды. Бұл ақпаратты облыс әкімдігі ресми түрде растады.

Жоба аясында:

Гольф-клуб салынады,

Қонақүй кешені кеңейтіледі,

Жалпы инвестиция көлемі — 233 млрд теңге,

700 жаңа жұмыс орны ашылады.

Әкімдік өкілдері жобаға байланысты жоспар әзірленіп, топографиялық түсірілім аяқталғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Oi-Qaragai курортын да 83,2 млрд теңге жеке инвестиция есебінен кеңейту жоспарда бар. Дегенмен бұл жобаға Құлыбаев қатыспайды. Сонымен қатар, Тұрген мен Қаскелең шатқалдарын дамытуға арналған концепцияны жасау үшін бюджеттен 70 млн теңге бөлінген.

«Кипрос» ЖШС — толығымен Тимур Құлыбаевқа тиесілі компания. Ол – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы әрі Forbes Kazakhstan рейтингінде 5,3 млрд долларлық байлығымен төртінші орында тұр.

«Кипрос» бұған дейін бірнеше жер дауына іліккен:

2024 жылы Алматыдағы ҚазҰУ жер телімі компаниядан мемлекет меншігіне өтті,

2025 жылы Ақмола облысындағы 3 гектар жер, кадастрлық құны 53,4 млн теңге, компаниядан қайтарылып алынды. Себебі «Кипрос» бұл учаскені 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланбаған.

Жобаға екінші серіктес ретінде қосылған — Crystal Bay Group, Вьетнамның ірі туроператоры. Бұл компания Қазақстан нарығымен біраз жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған «Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады