«Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды

25.07.2025, 15:55
799
«Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды SMARTNEWS.KZ коллажы

3,5 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот атышулы қайырымдылықпен айналысқан Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды. Оларды аса ірі көлемдегі алаяқтық пен заңсыз табысты жасыру бойынша кінәлі деп таныды.

Сот төрағасы Сабыржан Каримовтың үкіміне сәйкес, Перизат Қайрат:

ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы (Алаяқтық) және

218-баптың 3-бөлімінің 3-тармағы (Криминалдық кірісті заңдастыру, аса ірі көлемде) бойынша айыпты деп танылды.

Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және қайырымдылықпен айналысуға 10 жыл тыйым салу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот шешімімен Перизат Қайрат «Шапағат» медалінен айырылды.

Ал анасы, Ғайни Алашбаева, 7 жылға сотталып, оған да қайырымдылық және қаржы жинау қызметімен айналысуға 10 жылға тыйым салынды. Оның да мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Тергеу материалдарына сәйкес, ана мен қызы ел тұрғындарының сенімін теріс пайдалана отырып, 3 миллиард 545 миллион 897 мың 507 теңгені иемденген. Бұл қаржы қайырымдылық желеуімен жиналған.

Сот тәркілеген мүліктерді жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеу үшін пайдалануға шешім шығарды. Жәбірленушілер қатарында — Қазақстандағы ірі қаржы ұйымдары:

  • Forte Bank,

  • Alatau City Bank (бұрынғы Jusan Bank),

  • Kaspi.kz финтех-компаниясы бар.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған «Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады