4059

«Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады

Кофеханада отырған жігіттерді «Қ****бастар» деп ашық былапыт сөздермен балағаттаған келіншек полиция назарына ілікті.

«Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады
zhuldyz.sagiden

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда TikTok желісіне жүктелген бейнеролик қоғамда үлкен резонанс тудырды. Видеоны түсірген әйел-блогер Жұлдыз Сағиден қаладағы дәмханалардың бірінде отырған ер адамдар туралы жағымсыз пікір білдірген.

— Міне, мұнда сақалды еркектер әйелдер сияқты отырып алған. Тфу, жиренішті. Олардың әйелдері қалай шыдайды бұларға? Әйелдеріне жаным ашиды. Түскі уақытта шай ішіп отыр — жұмыстары қайда? — дейді блогер бейнероликте.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында наразылық тудырып, көпшілік оны адам абыройын қорлайтын әрі әдептен тыс әрекет деп бағалады. Осы жағдай тағы да блогерлердің қоғамдық кеңістіктегі жауапкершілігі мәселесін көтерді.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің әрекетіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор