Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген

Азиз Қалижан Редактор
26.07.2025, 11:14
781
Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Stock Photo

Қарағандыда сәбиін азғындықпен өлтірген әйелге үкім шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында жаңа туған нәрестесін пойыздың дәретханасы арқылы теміржолға лақтырып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қарағанды көлік прокуратурасы хабарлады.

Оқиға 2025 жылдың 20 сәуірінде «Қарағанды – Сұрыптау – Сарыбел» бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Жолаушылардың бірі вагондағы санитарлық бөлмеде толғақ ұстап, медициналық көмексіз өз бетінше босанып қалған. Кейін әйел нәрестесін санитарлық тесіктен сыртқа ағызып жіберген.

Тергеу нәтижесінде әйелдің психикалық дертпен ресми тіркеуде тұрғаны және оқиға кезінде ауруының асқынған сатысында болғаны анықталды. Сәби пойыздан теміржолға құлап, ауыр жарақаттар алған.

Қылмыстық істі қараған Қарағанды облысы Осакаров ауданының соты әйелдің қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болмағанын мойындап, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлі емдеуге жіберу жөнінде шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұл сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды