Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен?

Азиз Қалижан Редактор
26.07.2025, 13:13
5141
Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? SMARTNEWS.KZ коллажы

Басшылық қызметтегі жүкті әйелді зорлап, өлтіріп кеткен сантехникті дер кезінде ұстай алмаған полиция жауаптан жалтарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудағы NCOC компаниясының менеджері Бибігүл Шпанова аса қатыгездікпен өлтірілгені белгілі. Қанды оқиғаға байланысты бұрын сотталған Арман Жетпісов басты күдікті ретінде танылды.

Алайда ол еш кедергісіз облыстан шығып кетіп, тек Маңғыстау облысында ұсталған. Осы оқиғада құқық қорғау органдарының әрекеті көпшілікті таңдандырды.

«Ақ Жайық» редакциясы сұрақ қойғанмен — нақты жауап жоқ

«Ақ Жайық» басылымы Атырау облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдап, келесі сұрақтарға жауап алуға тырысты:

Қылмыс жасалғаннан кейін аймақта жедел іздестіру шаралары бірден басталды ма?

Күдіктінің облыстан еркін шығуына не мүмкіндік берді? Жолдарды жабу неге ойластырылмады?

Күдікті туралы ақпарат неге барлық блокпосттарға дер кезінде жеткізілмеді?

Ішкі тексеріс нәтижесінде қандай қорытындылар жасалды? Жауаптылар жазаланды ма?

Алайда ресми жауапта тек: «Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс сотқа жолданды» деген қысқа мәлімет қана берілген.

Сергек қайда қарады? «Қауіпсіз қала» неге үнсіз?

Атырау қаласы Sergek бейнебақылау жүйесімен және «Қауіпсіз қала» платформасымен жабдықталған. Бұл жүйелер көлік нөмірін, қозғалыс бағытын тіркеп, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Бірақ осындай цифрлық құралдар бұл жолы неге жұмыс істемеді? Күдікті қашып кеткенге дейін облыс аумағындағы жолдар неге жабылмады?

Полицияның өз сөзіне сенсек, күдіктінің кім екені қысқа мерзімде анықталған. Ендеше ол Атырауда біраз уақыт жүргенде неге ұсталған жоқ? Осы уақыт аралығында Жетпісов жол апатына да түскен. Сол сәтте жол полициясы қайда болды?

Күдікті Маңғыстауда ғана қолға түсті. Яғни, облыстар арасындағы өзара әрекет те күмән туғызады. Оперативті мәліметтер көрші аймақтарға уақтылы жолданды ма? Атырауда жүрген адам неге басқа облыста ұсталды?

Бұл қылмыстық іске қатысты полицияның үнсіздігі көпшіліктің ашуын туғызып отыр. Қоғам резонанс тудырған осындай оқиғада ашықтық пен жауапкершілікті күтеді. Құқық қорғау органдарының үнсіздігі – халықтың сенімін жоғалтуға апаратын жол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды