«Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады

25.07.2025, 13:01
951
«Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады TETIANA DZHAFAROVA/Pool via REUTERS

Халықтың жаппай наразылығынан кейін Зеленский шешімін өзгертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский елде дау туғызған антикоррупциялық құрылымдарды әлсірету туралы заңды кері қайтаруға шешім қабылдады. Ол Жоғарғы Радаға Ұлттық антикоррупциялық бюро (ҰАБ) мен Арнайы антикоррупциялық прокуратураның (ААП) бұрынғы өкілеттерін қалпына келтіретін жаңа заң жобасын ұсынды.

Бұл шешім қоғамдағы қысым мен 2022 жылдан бері болмаған ауқымды халық наразылығынан кейін қабылданды.

Зеленский бұл құжат «әділдік орнату үшін» әзірленгенін айтып, оның мақсаты — антикоррупциялық құрылымдардың тәуелсіздігін нақты кепілдендіру, сондай-ақ Ресей ықпалына жол бермеу екенін атап өтті. Жаңа заң жобасында сала қызметкерлерін полиграфтан жүйелі өткізу секілді жемқорлыққа қарсы нақты тетіктер қарастырылған.

Батыс елдері егер Украина антикоррупциялық құрылымдарды әлсіретсе, қаржылық және саяси қолдаудан айыратынын ескерткен болатын.

Белсенділер мен құқық қорғаушылар бұған дейін қабылданған заңның астарында Зеленскийдің айналасындағы адамдарға қатысты жүргізілген тергеулерді тоқтату әрекеті жатқанын мәлімдеген.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)