846

Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды

Жұмыс уақытында қоластындағы әйелді құшақтап отырған шенеулік қызметінен кетті.

Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды
UPL.UZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Қаттақұрған ауданында мемлекеттік қызметкер онлайн жиналыс кезінде орын алған бейәдеп әрекетінен кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде ведомствоның бейнеселекторлық жиналысы кезінде түсірілген фото тарады. Онда бір шенеуніктің қызметтік компьютеріндегі веб-камераны өшірмей, жиналыс барысында өзіне бір қызметкер әйелді тізесіне отырғызып, құшағына алған сәті көрініп қалған.

Министрлік бұл жағдайға байланысты ішкі тексеріс жүргізіп, нәтижесінде аталған қызметкерлермен еңбек келісімшарты бұзылғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, жиналыста көзге түскен ер адам 2023 жылғы желтоқсаннан бері Қаттақұрған ауданының Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту бөлімінде бөлім басшысы болып қызмет атқарған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор