Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен ұтты

26.03.2023, 20:39
497
Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен ұтты baq.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

Бүгінгі кездесуде даниялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Расмус Хёйлунн 21, 36-минутта қос гол соғып, басымдықты арттырды.

Екінші кезеңде қазақстандық құраманың да белсенділігі байқалды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзды. Қақпаға белгіленген пенальтиден Бактиёр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ.

Ал, 86-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан шірене тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Қазірге дейін 43 ойын өткізген ол алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға енгізді.

Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен-ді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.

Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.

Бүгін Н тобында, сондай-ақ Словения - Сан-Марино, Солтүстік Ирландия - Финляндия құрамалары кездеседі.

Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады Меркіде қария 13 жастағы немересін зорлаған «Біреуін мүгедек еткен»: Қарағандылық отбасы 6 бала асырап алып, оларды тоқтаусыз қорлап келген (ВИДЕО) Келіншек рұқсатсыз кәмпит жеген 8 жасар баласының саусақтарын өртеп жіберген Алаяқ тұрғындардың телефонын хабарласуға сұрап алып, бірнеше микрозайм рәсімдеген Wildberries маркетплейсінде сатылатын кремдерден «рак» тудыратын заттар табылды Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты мазаққа айналдырып, анайы суреттер салып кеткен Макрон: АҚШ өз ызасын тек Путинге бағыттауы керек Жанар Айжанова қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізді (ФОТО) Ер адам шулаған жастарды тыныштандырамын деп әйел адамды атып өлтірді Жасанды интеллект өкпе обырын дәрігерлерден төрт ай бұрын анықтап алды 14 жылдық үнсіз азап: Түркістанда мүгедек жігітті әкесінің бауырлары зорлап келген «Қатерлі ісік»: Қазақстандағы түрмелерді қарайтын Серік Голова қайтыс болды «Мұрат соттан қашып ішіп кетті, ал әйелі алаяқ»: заңгер Мұрат Әбділда мен оның әйелі туралы шындықты айтты Ауруханадағы комедия: 62 жастағы ер адамның жамбасынан күлімдеген бет шықты «Тырнақ астына, табанға ине тығады»: ата-аналар Шымкент түрмесіндегілерді азаптап жатқанын жеткізді (ВИДЕО) «Уайымдама, тез келемін…»: 16 жастағы мектеп оқушысы ешкімге айтпай саунаға кетіп, қаза болды Түркияда жер сілкінісінен кейін Өзбекстан азаматы стресстен көз жұмды «Ресей үшін соғысуға адам тартқан»: Қырғызстандағы «Русский дом» қызметкері қамауға алынды Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды