543

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы: бұршақ пен дауыл күтіледі

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы: бұршақ пен дауыл күтіледі
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жариялады. 27 шілдеде республиканың бірнеше облысында найзағай, бұршақ, дауыл және өрт қаупі күтіледі. Жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Әр аймаққа жеке тоқталайық:

Алматы облысы
Таулы аудандарда найзағай күтіледі. Жел бағытын оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыстырып, Қонаев пен облыстың солтүстік-оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысы
Облыстың солтүстік және батыс бөлігінде жел күшейіп, 15-20 м/с-қа дейін соғады. Өрт қаупі өте жоғары. Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы
Түнде батысында найзағай, күндіз орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с. Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі, өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысы
Түнде шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ, күндіз найзағай болады. Желдің екпіні 20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік пен шығыста өрт қаупі төтенше деңгейде.

Қарағанды облысы
Батыс, солтүстік, шығыс бөліктерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел 28 м/с-қа дейін үдейді. Оңтүстікте 36°C қатты ыстық. Қарағандыда да шаңды дауыл мен найзағай болады.

Ұлытау облысы
Солтүстікте қатты жаңбыр мен бұршақ, орталық пен шығыста найзағай және шаңды дауыл. Жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда да шаңды дауыл мен найзағай болжанып отыр.

Ақмола облысы
Батыс, солтүстік, оңтүстікте жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 28 м/с. Көкшетауда қатты жаңбыр мен бұршақ болады.

Шығыс Қазақстан облысы
Батыс, солтүстік, шығыс аймақтарында найзағай мен бұршақ, 35-38°C қатты ыстық. Жел екпіні 23 м/с. Өскеменде де найзағай мен аптап ыстық күтіледі.

Абай облысы
Солтүстікте түнде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Желдің жылдамдығы 23 м/с-қа жетеді. Күндіз 38°C дейін ыстық. Семейде де найзағай мен ыстық болады.

Павлодар облысы
Кешке найзағай, бұршақ, дауыл. Жел екпіні 28 м/с. Ауа температурасы 35°C. Павлодар қаласында да қолайсыз ауа райы күтіледі.

Астана қаласы
Найзағай, бұршақ және дауыл болжануда. Жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы
Найзағай, бұршақ, тұман. Петропавлда да найзағай мен тұман күтіледі.

Жамбыл облысы
Таулы аудандарда найзағай болады. Жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Таразда өрт қаупі өте жоғары.

Атырау облысы
Батыста найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады. Өрт қаупі — жоғары және төтенше деңгейде. Атырау қаласында өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы
Күшті жаңбыр, бұршақ, найзағай мен дауыл болжануда. Жел 20 м/с дейін. Қостанайда да найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы
Батыста найзағай, бұршақ. Шығысында жел екпіні 20 м/с.

Маңғыстау облысы
Батыс, солтүстік, орталықта найзағай. Жел 20 м/с. Өрт қаупі төтенше. Ақтауда найзағай мен өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы
Жел батыстан соғып, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Талдықорғанда да жел күшейеді.

Материал авторы