846

Ақтөбе мешітінде ер адам әйелдерге интим ұсынған

Ер адам «бір реттік некеге» тұрғысы келген көрінеді.

Ақтөбе мешітінде ер адам әйелдерге интим ұсынған
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 шілде кешкісін Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінің маңында белгісіз ер адам әйелге тиіскен. Ол мешіттен шығып келе жатқан әйелдің жолын бөгеп, арсыз астармен әңгіме бастаған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі жазды.

Оқиға куәгерлері жағдайды видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Осы жазба арқылы полиция күмәнді азаматтың жеке басын тез арада анықтаған.

«Видео жарияланған соң, полиция тексеріс жүргізді. Құқық бұзушының кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді», – деді министрлік.

Тәртіп сақшылары ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай әрекеттің салдары ауыр болатынын түсіндірген.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі бойынша – қоғамдық орында тиісу фактісімен әкімшілік хаттама толтырылды. Қазір іс сотқа жолданды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор