28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

28.07.2025, 09:08
246
28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды pixabay.com

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 28 шілде күні ауа райы құбылмалы болады. Кей аймақтарда қатты жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы
28 шілдеде Алакөл көлдері маңында оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 30 м/с-тан асады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, Алакөл ауданында – 23–28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз найзағай болжанады.

Түркістан облысы
Оңтүстік пен таулы өңірлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетуі ықтимал. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да жел екпіні күшейіп, өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы
Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, ал шығысы мен орталығында – 23 м/с дейін күшейеді. Шығыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар. Оралда жел екпіні 18 м/с.

Алматы облысы
Таулы өңірлерде найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Алматы және Қонаев қалаларында күндіз найзағай болжанады.

Маңғыстау облысы
Түнде солтүстік-батыс бөлікте найзағай, күндіз шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жағдай осындай.

Қарағанды облысы
Түнде батыс пен солтүстікте найзағай. Жел 15–23 м/с дейін күшейеді. Солтүстікте жоғары өрт қаупі, басқа бөліктерде – төтенше өрт қаупі. Қарағандыда найзағай болады.

Атырау облысы
Солтүстіктен және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да қауіп деңгейі жоғары.

Ұлытау облысы
Шығысында найзағай, батыс пен шығысында жел күшейеді – 15–20 м/с. Оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы
Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі төтенше деңгейде. Қызылорда қаласында да сол жағдай.

Ақтөбе облысы
Солтүстік, шығыс және орталықта найзағай. Желдің екпіні – 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде. Ақтөбеде жел 15 м/с болады.

Қостанай облысы
Найзағай, оңтүстігінде және шығысында бұршақ, дауыл. Тұман да күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Қостанайда найзағай болады.

Абай облысы
Түнде – найзағай, күндіз – бұршақ. Жел – 15–25 м/с. Күндіз 35–38°С аптап күтіледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде де ыстық пен жел.

Шығыс Қазақстан облысы
Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35–38°С қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде де – найзағай, жел және 35°С ыстық.

Павлодар облысы
Солтүстігі мен шығысында найзағай. Жел – 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Павлодарда да найзағай мен жел болжанады.

Жамбыл облысы
Оңтүстік пен таулы аудандарда найзағай. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі төтенше. Таразда күндіз найзағай мен жел күтіледі.

Ақмола облысы
Кешке қарай жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл. Таңертең тұман. Жел – 23–28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда найзағай мен қатты жел.

Астана қаласы
Күндіз найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Желдің екпіні – 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы
Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман. Жел – 15–20 м/с. Петропавлда түнде найзағай мен тұман күтіледі.

28 шілде күні елдің басым бөлігінде жел күшейіп, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және қатты ыстық күтіледі. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Димаштың әні алғаш рет Radio Disney эфирінде шырқалды Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр «Жұмбақ»: Кремль Путиннің күн тәртібінде телефонмен байланысы туралы мәлімдеме жасады Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған «Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады «Пышақпен қорқытып, зорлағанын видеоға түсірді»: Астанада студент қызды қатарласы бірнеше ай бойы зорлап келген Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО) Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады NIS ауыл мектептерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды «Көк жигули» мен «18 бен 25» әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр Ақтауда жалаңаш ер адам балалардың бөлмесіне кіріп кеткен (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: Екі адам қаза тапты Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді 28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды