Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды

28.07.2025, 11:33
605
Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды SMARTNEWS.KZ коллажы

Ернар Жиембайдың соты ашық өтіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық дерегі бойынша сот процесі басталды. Қылмыстық іс қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралуда.

Басты айыпталушы – бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ін басқарған Ернар Жиенбай. Сотқа төрағалық етіп отырған судья – Әбінұр Қарабаев. Іс мемлекеттік тілде және ашық форматта қаралып жатыр. Алайда судья айыпталушыны бейнежазбаға түсіруге тыйым салды.

Ернар Жиенбайға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 24-баптың 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу») және 99-баптың 1-бөлігі («Адам өлтіру»).

Айта кетейік, Руслан Берденовке қарулы шабуыл биыл 21 сәуірде әкімдік ғимаратының маңында жасалған болатын. Ол кезде Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанына небәрі екі ай болған. Бұған дейін ол Парламент Мәжілісінің депутаты қызметін атқарған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды