Газа билігі Израильді гуманитарлық көмекті әдейі тонатты деп айыптады

29.07.2025, 13:45
587
Газа билігі Израильді гуманитарлық көмекті әдейі тонатты деп айыптады news.un.org

Израиль көмек керуендерін қорғағандарды әдейі өлтірді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Газа секторының билігі Израильді гуманитарлық көмек керуендерін әдейі ұйымдастырылған хаос жағдайында тоналуға жол берді деп айыптады.

«Бүгін Газадағы блокадаға қарамастан бар болғаны 87 жүк көлігі гуманитарлық көмекпен аймаққа кірді. Бірақ олардың басым бөлігі тәртіпсіздік пен анархия аясында тоналып кетті. Бұл — Израиль әдейі құрған хаос салдары», — делінген Газа үкіметінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Мәлімдемеге сәйкес, израильдік армия алғашқыда жүк көліктерінің кіруіне қарсы болып, кейін гуманитарлық керуендерді қорғауға жауапты жергілікті тайпалық құрылым өкілдеріне шабуыл жасаған. Атыс салдарынан 11 адам қаза тапқан.

Осыдан соң ғана Израиль көліктерге өтуге рұқсат берген, алайда керуендер қараусыз қалып, оларды қылмыстық топтар тонап әкеткен. Газа билігі бұл жағдайға Израиль әскерінің жанама түрде қатысы бар деп есептейді.

Сонымен қатар әуеден тасталған көмектің көлемі өте мардымсыз болғаны айтылды. «Бір жүк көлігінің жүгін де алмастырмайтын көмектер негізінен израильдік армия бақылайтын аудандар — Ат-Туффах пен Джебалияға тасталды. Бұл аудандарда қарапайым палестиналықтар тұра алмайды», — делінген хабарламада.

Гуманитарлық апат ушығып барады

Газа секторында аштық күн санап өршіп барады. Ауыз су мен дәрі-дәрмек жетіспейді, санитарлық жағдай мүшкіл. Жергілікті және халықаралық ұйымдар Израильді аштық пен шөлді соғыс қаруы ретінде қолданды деп айыптауда.

Мәліметтерге сүйенсек, 2,3 миллион тұрғынның шамамен 2 миллионы ішкі босқынға айналған. Көпшілігі бірнеше рет үйін тастап, шатырларда немесе мектептерде өмір сүріп жатыр. Бұл орындарда санитарлық жағдай жоқ, инфекциялық аурулар таралуда.

Израиль армиясы күніне бірнеше рет дәл осы босқындар шоғырланған орындарды, соның ішінде лагерьлер мен азаматтық нысандарды бомбалап жатыр.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторындағы израильдік шабуылдардан 59 921 адам қаза тауып, 145 233 адам жараланған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды