«Автобустың терезесінен қашқан»: Ақтөбе мешітінде интим ұсынған ер адамның жаңа видеосы тарады (ВИДЕО)

30.07.2025, 11:27
1072
«Автобустың терезесінен қашқан»: Ақтөбе мешітінде интим ұсынған ер адамның жаңа видеосы тарады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ол бір кездері мешіттегі садақа жәшігін ұрлап, таяқпен адамдарды ұрған кездері болған екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Ақтөбе мешітінде әйелдерге уақытша неке (бір түндік) ұсынған ер адамның жаңа видеосы тарады. Бейнежазбаны жариялаған қолданушылардың айтуынша, күдікті – психикалық ауытқуы бар адам және ол бұған дейін де бірнеше рет оғаш әрекеттерімен көзге түскен.

«Бұл адамды танимын. Ол бұрын да мешіттің садақа жәшігін ұрлаған, қоғамдық көлікте біреуді ұрып, автобустың терезесінен секіріп қашқан жағдайы да болған. Кейде адамдарды себепсіз таяқпен ұрып жүретін. Бірнеше рет 15 тәулікке қамалған. Ақтөбенің полиция қызметкерлері оны жақсы таниды. Денсаулығы дұрыс мұсылман ондай іске бармайды. Бұл адамның әрекеті бүкіл мұсылман бауырларымыз бен дініміздің абыройына нұқсан келтіріп отыр», — деп жазды threads қолданушысы epnap.

Қолданушының айтуынша, бұл адам 2023 жылы Ақтөбеде болған тағы бір оқиғаға қатысқан. Сол кезде ол қоғамдық көлікте жолаушыны себепсіз ұрып, артынша автобустың терезесінен секіріп кеткен.

«2023 жылдың 22 қыркүйегінде жұмыстан қайтып келе жатқанда 15-маршрутты автобусқа отырдық. Аялдамада түсейін деп жатқанда, жолдасымды жұдырықпен ұрып, қанға бояды. Өз-өзімен сөйлесіп, “сендер шайтансыңдар” деп тиісе бастады. 102-ге хабарласып, полицияны күтіп жатқанда, ол терезеден секіріп қашып кетті. Мұндай адамдар неге қоғам арасында емін-еркін жүр? Егер психикалық ауру болса, неге тиісті мекемелер бақыламайды? Ақтөбеліктер, абай болыңыздар», — делінген бұрын жарияланған шағымда.

Ол уақытта бұл адамға қатысты қандай шара қабылданғаны әзірге белгісіз.

 
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді