«1 жасар баланың жүрегі тоқтап қалған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды

31.07.2025, 15:55
1059
«1 жасар баланың жүрегі тоқтап қалған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды depositphotos.com

Әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен еді. Дәрігерлер кішкентайдың бүйрегін алып тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 шілдеде Павлодарда екі баласын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген әйелдің оқиғасы елді есеңгіреткен еді. Қазір олардың өмірі үшін дәрігерлер жан сала күресіп жатыр.

2024 жылы туған кішкентай баланың жүрегі оқиға болған күннің кешінде тоқтап қалған. Алайда дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында сәбиді аман алып қалу мүмкін болды. Ауыр жарақат пен ішкі қан кету салдарынан бүлдіршіннің зақымдалған сол жақ бүйрегін алып тастауға тура келген.

«Баланың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Гемодинамикалық көрсеткіштер вазопрессорлар арқылы ұсталып тұр», – деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының реаниматолог дәрігері Мерхат Әміренов.

Ал 2017 жылы туған екінші баланың жағдайы сәл жақсырақ – ауыр болса да, тұрақты.

«Санасы ояу, өзі тыныс алып жатыр», – деп хабарлады аурухана дәрігерлері.

Балалардың анасы да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның да жағдайын «ауыр, бірақ тұрақты» деп бағалап отыр.

Еске салайық, 30 шілдеде Павлодарда әйел екі баласын көпқабатты үйдің бесінші қабатынан лақтырып жіберіп, артынан өзі де секірген болатын. Үшеуі де үйдің шатырындағы қалқаға құлап, аман қалған. Қазір аталған оқиға бойынша «Адам өлтіруге оқталу» және «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Dala.Camp форумында мал шаруашылығы саласындағы жобалардың питчингі өтеді Петропавлда зейнеткер әйел үсіп қайтыс болды Түркістан облысында жұмыс берушінің қателігі ана мен баланы жәрдемақысыз қалдырды «Басы жарылып, құлағы естімейді»: Қазақ модель қыз Бали аралында қамауға алынды (ВИДЕО) Автобуспен Мәскеуден Ташкентке бет алған шетелдіктер жолда үсіп қалды Венесуэла оппозиционері Нобель сыйлығын Трампқа берді Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты Туыстары байланған жарамен тапқан: Талғар маңында әйел адамды пышақтап өлтірді Астанада 7 жасар шөбересін туған күнде зорлаған қария сотталды Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды Жұмбақ жағдайда қайтыс болған балалардың аналарын полиция ұстап әкетті (ФОТО) Air Astana қызметкерлері сотқа тартылды Актриса Альмира Тұрсын өзін балағаттағандарға қатаң ескерту жасады Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО) 600 мың теңгенің торт дауына сот нүкте қойды Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО) «Қазақ халқынан кешірім сұраймын»: Әкесін азаптаған ер адам сотта көз жасына ерік берді Павлодар облысында өрттен екі бала көз жұмды «Қазір ішетін кез»: Еуроодақтың өкілі қазіргі әлемдегі жағдайлар туралы әзілдеді