2412

1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.

1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай
Pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 1 тамызда еліміздің көптеген өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтілетінін жеткізді. 

Көптеген облыстарда найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жаңбыр және аптап ыстық болжанып отыр. Сонымен қатар, жел екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Кей өңірлерде шаңды дауыл мен өрт қауіпі де сақталады.

Қауіпті метеожағдайлар күтілетін өңірлер:

Қызылорда облысы
Оңтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл, шаңды дауыл. Жел: солтүстік-батыстан 15-20 м/с.
Өрт қаупі – төтенше деңгейде.

Алматы облысы
Таулы аймақтарда найзағай, жел екпіні 18-23 м/с, күндіз 35°C аптап ыстық.
Өрт қаупі – өте жоғары.

Қарағанды және Ұлытау облыстары
Кей жерлерде бұршақ, найзағай, дауыл. Жел 15-20 м/с.
Өрт қаупі – жоғары және төтенше деңгейде.

Жамбыл облысы
Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, бұршақ, найзағай, дауыл. Жел екпіні 23 м/с дейін.
Өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы
Найзағай, бұршақ, дауыл және 36°C ыстық күтіледі.
Өрт қаупі – жоғары.

Түркістан облысы
Найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с.
Өрт қаупі – төтенше.

Қостанай облысы
Қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, тұман.
Өрт қаупі – төтенше.

Павлодар облысы
Бұршақ, найзағай, қатты жел – 23-28 м/с дейін.
Өрт қаупі – жоғары.

Маңғыстау облысы
38°C аптап ыстық.
Өрт қаупі – төтенше.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстары
Найзағай, бұршақ, дауыл, жел 28 м/с дейін.
Өрт қаупі – өте жоғары.

Атырау облысы
36°C ыстық, найзағай.
Өрт қаупі – төтенше.

Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстары
Қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, тұман, жел.
Өрт қаупі сақталады.

Астана және Алматы қалалары
Найзағай, бұршақ, дауыл. Жел – 15-20 м/с.
Өрт қаупі – төтенше.

Материал авторы