Трамп Қазақстанды Израильмен одақтастырмақ — Reuters

04.08.2025, 11:11
3825
Трамп Қазақстанды Израильмен одақтастырмақ — Reuters Reuters

АҚШ президенті Орталық Азия елдерін «Авраам келісімдеріне» қосуды көздейді. Reuters дерегінше, бұл қадам Тель-Авивпен ынтымақтастықты нығайтып, Сауд Арабиясына қысым жасауы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық Азия елдерін, соның ішінде Қазақстанды, Израиль мен мұсылман елдері арасындағы «Авраам келісімдеріне» қосуға ниетті. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Ақ үй жаңа мемлекеттерді аталмыш дипломатиялық бастамаға тарту мәселесін белсенді түрде талқылап жатыр. Қазіргі таңда алғашқы үміткер ретінде Әзербайжан қарастырылып отыр. Айта кетейік, «Авраам келісімдері» алғаш рет Трамптың алғашқы президенттік мерзімі кезінде, 2020–2021 жылдары басталған. Ол кезде төрт ислам мемлекеті АҚШ-тың делдалдығымен Израильмен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге келіскен еді.

Reuters мәліметінше, Орталық Азия елдерінің Израильмен сауда және дипломатиялық байланыстары бұрыннан бар. Сондықтан бұл бастама, негізінен, Сауд Арабиясына саяси қысым жасауға бағытталған символдық қадам болуы мүмкін.

«Бұл шеңберде әзербайжандық лауазымды тұлғалар Орталық Азиядағы әріптестерімен, соның ішінде Қазақстанмен, Авраам келісімдерін кеңейтуге қызығушылық бар-жоғын білу үшін байланысқа шыққан. Бірақ нақты қай елдермен сөйлескені әзірге белгісіз», — делінген агенттік таратқан ақпаратта.

АҚШ Мемлекеттік департаменті қай елдерді келісімге қосуды жоспарлап отырғанын ашып айтпады. Алайда, Трамп әкімшілігі үшін «Авраам келісімдерін» кеңейту сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі екенін растады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды