5 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық

05.08.2025, 09:10
1909
5 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық Unsplash

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 тамызда ел аумағында найзағай, бұршақ, қатты жел, шаңды дауыл мен 38 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Қауіпті метеожағдайға байланысты бірқатар өңірде өрт қаупі өте жоғары деңгейге жеткен.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ және 35-38 градусқа дейін ыстық болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, кей жерлерде өте жоғары деңгейге жеткен.

Түркістан облысы

Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі. Жел екпіні 20 м/с. Түркістан және Шымкент қалаларында да өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай облысы

Батысында найзағай, жел 20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Күні бойы 38 градусқа дейін аптап ыстық. Түнде жел 18 м/с дейін күшейеді. Өңірдің батысы, оңтүстігі және орталығында өрт қаупі өте жоғары.

Жамбыл облысы

Таулы аудандар мен оңтүстікте найзағай күтіледі. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Солтүстік пен батыста өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе облысы

Батыс пен оңтүстікте найзағай мен жел. Өрт қаупі жоғары. Желдің жылдамдығы – 20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні – 20 м/с.

Атырау облысы

Найзағай ойнап, 35-36 градусқа дейін ыстық болады. Солтүстік, батыс және шығыста өрт қаупі өте жоғары.

Павлодар облысы

Батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік пен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде.

Абай облысы

Түнде тұман күтіледі. Орталық пен оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстік пен шығыста найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Өскемен қаласында қолайсыз метеожағдай режимі енгізілді.

Қызылорда облысы

Орталық, солтүстік және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Ұлытау және Қарағанды облысы

Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жел бағытын өзгертіп, екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан мен Астана

Түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысы

Таулы аудандар мен шығысында найзағай, ал оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Жел жылдамдығы 28 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында да жел күшейеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды