«Пакет ішінде жатып, мәйіті шіри бастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдікке жасөспірім ілікті

05.08.2025, 09:45
2746
«Пакет ішінде жатып, мәйіті шіри бастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдікке жасөспірім ілікті Диана Онгарбаеваның туыстары ұсынған сурет / Orda.kz

Диана Оңғарбаева қоқыс жәшігінен өлі күйінде табылды. Оның артында 2 және 4 жастағы екі қызы қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаева өлі күйінде табылды. Оның денесі полиэтилен пакетке оралған күйде қоқыс жәшігінен табылған. Марқұмды іздеу жұмыстары тек жоғалғаннан кейін бір апта өткен соң басталған. Қазір бұл жантүршігерлік қылмысқа жасөспірім күдікті ретінде тергеліп жатыр. Жағдайдың мән-жайын Orda.kz марқұмның туыстарынан сұрап көрген.

Диананың денесін 31 шілде күні аула сыпырушылар тапқан. Марқұмның денесі бірнеше күн бойы пакет ішінде жатып, шіри бастаған. Анасына қызының мәйітін тану мүмкін болмаған.

Марқұмның әпкесі Әлия Ақбарованың айтуынша, Диананың тамағы екі жерден тілінген, көмейіне көлік жууға арналған шүберек тығылған. Денесінде 24 пышақ ізі бар.

«Оны жай өлтірген жоқ, азаптап, қинап өлтірген. Кейін денесін пакетке орап, скотчпен жапсырып, қоқыс жәшігіне тастаған. Он күн өткенде ғана тапты», — дейді ол.

Туыстарының сөзінше, Диана қосымша табыс табу үшін пәтер тазалауға баратынын айтып кеткен. Ол бұл жұмысқа әлеуметтік желі арқылы тапсырыс алып барған. Көрсетілген мекенжайда оны жасөспірім күтіп алған.

«Бала анасының ақшасын беретінін айтып, оны күтуді сұраған. Диана сол жерден анасына телефон соққанда, ол пышақпен шабуыл жасаған», — дейді екінші әпкесі Айдана Оңғарбаева.

Марқұмның туыстары оны жоғалған күні — 21 шілдеде-ақ полицияға хабар берген. Алайда арыз қабылданбаған. Тек бір апта өткенде, 28 шілдеде ғана ресми іздеу басталған. Анасы Қарлығаш Оңғарбаеваның айтуынша, полицейлер жауапсыздық танытып, мәлімдемелерді елеусіз қалдырған.

«21-інен бастап күнде бардым. Бірақ еш нәтиже болмады. Тек 28-і күні ғана арызды қабылдады. „Уайымдамаңыз, екі күнде табамыз, тірі“ деді. Қайда тірі?..» — деп қапаланады ол.

Шымкент қалалық криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиевтің мәліметінше, қылмыс бойынша іс қозғалып, күдікті анықталған. Ол — жасөспірім. Қазір тергеу изоляторында.

«Жедел шаралар нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді ол.

Туыстары бұл іске басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін айтады. Олардың айтуынша, Диананың телефонын екі бейтаныс ер адам ломбардқа өткізбек болған.

Диананың артында екі қызы қалды: бірі — екі жаста, екіншісі — төртте. Жанұя Шымкентке басқа қаладан жұмыс істеуге келген. Қазір жақындары әділдік орнауын талап етіп отыр.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)