Ернар Жиенбай Берденов туралы резонансты мәлімдеме жасады

06.08.2025, 13:16
2730
Ернар Жиенбай Берденов туралы резонансты мәлімдеме жасады SMARTNEWS.KZ коллажы

Берденовке қастандық ісінде айыпталушы әкімді араластырды, бірақ кейін жоққа шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай сот отырысында резонансты мәлімдеме жасады.

Ол сотта Руслан Берденовтің өзінен қастандықты қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ұйымдастырған деген жалған нұсқаны айтуын сұрағанын жеткізді.

— Ең таңқаларлығы — Руслан Берденов маған бұл істің тапсырысы әкімнен келген деп айтуымды өтінді. Яғни, мені киллер ретінде жалдағандай етіп көрсетуімді сұрады. Тіпті, «сені о дүниеден де шығарып алам» деді, — деді Жиенбай сотта.

Алайда сөзін жалғастырып үлгермей, прокурор араласып, соттан сұрақтарға көшуін сұрады. Жиенбай бұл ретте: «Әкімнің бұл іске қатысы жоқ», — деп түйіндеді.

Сот процесі мемлекеттік тілде және ашық түрде өтуде. Руслан Берденов сотқа қатысқан жоқ. Оның өкілі Жеңіс Тыныбектің айтуынша, жәбірленуші қазір ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 28 шілде күні Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында алдын ала тыңдау өткен болатын. Сот Берденовтің негізгі отырысқа жеке қатысуын міндеттеді.

Қылмыстық іс жайлы не белгілі

Тергеу материалдарына сүйенсек, 2025 жылдың 21 сәуірінде Ернар Жиенбай Шымкент қалалық құрылыс басқармасындағы бөлім басшысынан жұмысынан өз еркімен кетуі тиіс екені жайлы хабар алған. Бұл шешім Берденовтің тапсырмасы болғаны айтылады.

Жиенбай Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі бойынша («Адам өлтіруге оқталу») айыпталуда. Ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің басшысы болған.

Қастандық қалай жасалды

Еске сала кетейік, 21 сәуір кешке әкімдік ғимаратының жанында Руслан Берденовке оқ атылған. Ол жараланып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған 4 сағат бойы ота жасады. Күдікті сол күні ұсталды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Берденов сол күні жұмыс күнін қалыпты режимде өткізген. Таңертең аппарат жиналысына қатысып, күн бойы бірнеше басқарма басшыларымен кездесулер өткізген.

Оқиға алдында ол қаладағы құрылыс нысандарын аралап, тұрғындармен жеке қабылдау өткізген.

Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болып 2025 жылдың ақпанында тағайындалған. Бұған дейін ол Мәжіліс депутаты болған.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан