SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасады деп айыпталып жатқан Ернар Жиембай оқиғаның себебін қызғанышпен байланыстырды. Бұл туралы сот отырысы барысында KazTAG агенттігі жеткізді.
Айыпталушының айтуынша, бұрынғы жұбайы Берденовке қызығып, оны күйеуімен жиі салыстыратын болған.
«Әйелім үнемі мені Берденовпен салыстырып, оның дене бітімі мен қымбат костюмдерін айтып, мені кемсітетін. Осыдан кейін ажырасуға арыз берді. Ал Берденов оған әлеуметтік желіде лайк басып, комплимент жазып жүрді», — деді Жиембай сотта.
Оның сөзінше, шабуылға тек жеке реніш емес, сонымен қатар жұмыстағы қысым да себеп болған.
«Жұмыс істеуге кедергі келтіріп, үнемі кемсітіп отыратын», — деді ол.
Бұл шабуыл 21 сәуір күні кешкісін болған. Руслан Берденов оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Күдікті — Шымкент әкімдігіне қарасты мекемелердің бірінде жұмыс істеген қызметкер. Ол ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл оқиғаға жәбірленушінің әрекеті себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда Шымкент әкімдігі мұны жоққа шығарған. Соған қарамастан, Жиембайдың соттағы мәлімдемесі оқиғаның артында жеке драма жатқанын аңғартады.
RUS