Павлодарда екі баласын терезеден лақтырған әйелді ауруханада полиция күзетіп отыр

08.08.2025, 12:13
386
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырған әйелді ауруханада полиция күзетіп отыр көрнекі сурет / storage.weacom.ru

Әйелдің 1 жасар баласы қайтыс болған еді. Ал 4 жасар қызы мен әйелдің өзі тірі қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда аурухана палатасында жатқан, екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйелді тәулік бойы полиция күзетіп отыр. Бұл ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы растады.

Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Ыбраевтың айтуынша, әйелдің денсаулығының ауырлығына байланысты оған бұлтартпау шарасы қолданылмаған — науқас өздігінен жүре алмайды.

Белгілі болғандай, 2024 жылы ол өзін-өзі өлтіруге әрекеттеніп, балконнан секірген. Сол кезде қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Павлодардағы №1 қалалық ауруханада 7 тамыз күні әйелге екі өкше сүйегіне остеосинтез жасау операциясы жасалғаны хабарланды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ал жамбасы сынған үлкен ұлы облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Балаға отбасы мүшесі қарап жатыр.

Еске салсақ, оқиға 30 шілдеде болған. Әйел 1,5 және 7 жастағы екі ұлын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген. Үшеуі де бірінші қабаттың қалың қақпасына құлаған. Екі күннен кейін кенже бала ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда «Адам өлтіруге оқталу» және «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел арнайы медициналық мекемеде есепте тұр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді