571

Анасы 7 жастағы қызының жалаңаш суреттерін көршісіне сатқан

Екі адамға сот үкім шығарды.

Анасы 7 жастағы қызының жалаңаш суреттерін көршісіне сатқан
Depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдегі Барнаулда кәмелетке толмаған қыздың ар-намысы мен жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы ауыр қылмыс жасаған екі адамға сот үкімі шықты.

Тергеу деректеріне сүйенсек, екі қызды тәрбиелеп отырған 33 жастағы әйел 2024 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 60 жастағы көршісімен жақын араласып келген. Ер адамның өтінішімен ол 7 жастағы қызының жалаңаш суреттерін түсіріп, ақшаға сатып отырған.

Сот шешімімен ер адам 16 жылға қатаң режимдегі колонияға, ал әйел 14 жылға жалпы режимдегі колонияға қамалды.

Аймақтық тергеу комитеті балалардың анасынан алынып, қауіпсіз жерге орналастырылғанын мәлімдеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор