SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте белгісіз ер адам ауруханаға кіріп, ондағы бір тұрғынды соққыға жықты, полиция қызметкеріне шабуыл жасап, ұлтаралық араздыққа шақыратын сөздер айтқан.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.
Оқиға кезінде ер адам түрмеде отырған өткен өмірімен мақтанып, екі адамды ұрып-соққаны айтылады.
Бұған дейін, қыркүйек айында Шымкенттегі ауруханалардың бірінде 27 жастағы науқас медициналық қызметкерлермен төбелес шығарған еді. Ол улы сұйықтық ішкеннен кейін Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген. Ауыр психикалық қозу күйінде болған пациент ем-дом көрсеткен дәрігерлерге қарсылық танытып, күш қолданған. Соның салдарынан оны тоқтату үшін 6–7 адамдық бригада араласуға мәжбүр болды.
RUS