13 тамыздағы ауа райы: ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді

13.08.2025, 09:15
269
13 тамыздағы ауа райы: ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді dreamstime.com

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 14 тамызда елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін.

Абай облысы
Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысы
Аймақтың басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Жел 15–20 м/с-ке күшейеді.

Ақтөбе облысы
Өңірде күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Кей аудандарда желдің екпіні 20 м/с-ке жетеді.

Алматы облысы
Күн бұлтты, таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысы
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің күші 15–20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысы
Аймақтың кей бөлігінде өткінші жаңбыр жауады. Жел екпіні 18–23 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл облысы
Күннің екінші жартысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с шамасында.

Жетісу облысы
Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысы
Кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысы
Өңірде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с шамасында.

Қызылорда облысы
Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 15–20 м/с болады.

Маңғыстау облысы
Өңірдің кей аудандарында шаңды дауыл және желдің 15–20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Павлодар облысы
Күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы
Аймақтың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-ке дейін жетеді.

Түркістан облысы
Кей жерлерде шаңды дауыл және желдің 15–20 м/с-ке күшеюі күтіледі.

Ұлытау облысы
Өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы
Өңірдің кей бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с шамасында.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды