SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар облыстарында 19 тамыз күні қолайсыз ауа райы күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай соғып, бұршақ пен дауыл жүруі мүмкін. Кей аймақтарда желдің екпіні 23–25 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысында қатты ыстық сақталады: күндіз ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ өңірдің шығысында шаңды дауыл күтіледі.
Жетісу мен Алматы облыстарының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Алакөл көлдері маңында жел 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.
Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, найзағай соғады. Ал Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде де жағдай күрделі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында 19–21 тамыз аралығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл мен Жетісуда да өрттің таралу қаупі жоғары.
Астана қаласында да 19 тамызда найзағай күтіледі.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
RUS