«Нағашысы жылдар бойы зорлаған»: Таразда педофил 17 жылға сотталды
15 жасар қыз әпкесінің балаларын бағуға көмектесіп жүрген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында өз жиеніне бір жыл бойы зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға үкім шықты. Арнайы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот оны кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленушіге 5 миллион теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім қабылданды.
Іс материалдарына сәйкес, 15 жастағы қыз әпкесінің үйіне жиі барып, бала күтіміне көмектескен. Сол сәттерде нағашысы оны бірнеше мәрте зорлаған. Қылмыстық іс биыл жыл басында қозғалғанымен, тергеу ұзақ уақыт бойы ілгерілемей қалған.
Қыздың анасының айтуынша, алғашқы тергеу кезінде кәмелетке толмағанды заңды өкілінсіз сұраққа алып, тіпті күдіктінің қасында жалғыз қалдырған. Бұдан соң ол қыз көз жасына ерік беріп, қатты қорқып шыққан. Сонымен бірге туыстары тарапынан қысым көрсетілгені де айтылды.
Жәбірленушінің қорғаушысы Әлия Арзымбетованың мәлімдеуінше, сот барынша қатаң жаза тағайындағанымен, айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
Материал авторы