Астанаға ұшу бағасы 139 мың теңгеге дейін барады: Атыраулықтар аспандап кеткен билет құнына наразы

19.08.2025, 11:48
749
Астанаға ұшу бағасы 139 мың теңгеге дейін барады: Атыраулықтар аспандап кеткен билет құнына наразы Air Astana

Ел ішіндегі рейстердің құны мұншалықты қымбат болғаны жұртты шошытты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау тұрғындары еліміз ішінде әуе қатынасына қойылған шарықтаған бағаларға шағымдануда. Бұл туралы Atyrau Oil Telegram-арнасы жазды.

Мәселен, 18 тамызда Атыраудан Астанаға ұшатын билет құны 127-139 мың теңге аралығында болған. Кейбір күндері баға одан да жоғары көтерілген. Оның үстіне бірқатар рейс қосымша ауысып мінуді талап етеді, бұл жолдың уақытын ұзартады.

«Мұндай жағдай жолаушылардың наразылығын күшейтіп отыр. Тек тікелей рейстер ғана бар, бірақ олардың саны шектеулі әрі бағасы тым қымбат», – делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар мұндай қымбатшылық әсіресе жазғы маусымда, демалыс уақыты мен студенттердің Алматы немесе Астанаға оқуына бару кезінде үлкен қиындық туғызатынын айтады.

Әлеуметтік желілерде атыраулықтар еліміздің ішінде ұшқаннан көрші елдерге шыққан арзанырақ екенін айтып, ашуға булығуда.

«Халық билік пен әуе компанияларының назарын осы мәселеге аударуды талап етеді. Өйткені өңірдің көлікке қолжетімділігі тікелей халықтың тұрмыс сапасына әсер етеді», – деп жазды Telegram-арна әкімшілігі.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады