Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жаңа спорт нысандарын салу және ескілерін жөндеу жұмысы кезең-кезеңмен жүзеге асатынын хабарлады, деп жазады qazaqstan.tv.
"Алдағы 5 жылға 113 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, күрделі жөндеуді талап ететін 20 спорт нысаны бар. Ол жұмыс та кезек-кезеңмен жүзеге асырылады, алдағы 5 жылда," - Аманбай Нұрмаханбетов, Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы.