17 жасар қыз жігітін құлдыққа сатып, өзі Таиландқа қыдырып келді

Азиз Қалижан Редактор
20.08.2025, 17:15
1056
17 жасар қыз жігітін құлдыққа сатып, өзі Таиландқа қыдырып келді thethaiger.com

Қыз қыдырып келген соң полиция қолына түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайда жасөспірім қыздың жасаған қылмысы қоғамды дүр сілкіндірді. Ол өз жігітін алдап, шекара асырып, еңбек құлдығына сатып жіберген. Қыз түскен ақшаны Таиландта демалуға жұмсаған.

19 жастағы жігіт арумен танысқан соң, ол ата-анасы Мьянмада тұратынын және жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтқан. Қыз шетелге бірге баруға көндірген соң, 2025 жылдың басында екеуі Таиланд арқылы Мьянма шекарасына жеткен. Дәл осы жерде қарулы топ жігітке шабуыл жасап, құжаттары мен телефонын тартып алып, тар бөлмеге қамаған.

Жас жігітті күніне 20 сағат бойы онлайн-алаяқтықпен айналысуға мәжбүрлеген. Норманы орындамаған жағдайда оны металл таяқпен ұрып-соғып, аш қалдырған. Азаптаудың салдарынан жәбірленуші есту қабілетін ішінара жоғалтқан.

Қылмыскерлер оның ата-анасынан $48 мың талап етіп, тек төрт айдан кейін төлем жасалған соң ғана босатқан. Тергеу барысында қастандықты ұйымдастырғанның өзі сол қыз екені анықталды. Ол үлесі ретінде $14 мың алып, демалысқа кеткен.

Қытайға оралған соң, 17 жастағы бойжеткен полиция қолына түсті. Қазір оған адам саудасы мен алаяқтық бойынша айып тағылған. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады