SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында 14 жастағы жасөспірім мен оның 3 жасар қарындасының жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Желіде жасөспірімнің үйіне кіре алмай, көшеде жүрген сәті түсірілген видео тараған. Куәгерлердің айтуынша, оны ата-анасы тамақ пен темекі әкелуге мәжбүрлеген, ал бас тартса, үйге кіргізбеген.
Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, балалардың ата-анасы оларды дұрыс тәрбиелемегені үшін ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
«14 жастағы бала қазір кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, ал оның қарындасы Сәбилер үйіне орналастырылды. Ата-анасы бұрын да бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір материалдар жиналып, оларды ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралады», – деді полиция өкілдері.
RUS