SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында белгілі әулеттің үлкені, Төле бидің ұрпағы Жұпар апа Мәдуанқызы 96 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Otyrar сайты жеткізді.
Жұпар апа 1929 жылы Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ол үлкен әулеттің тірегі болды: бес баланы тәрбиелеп өсірді, он немере, жиырма жеті шөбере, екі шөпшек көрді.
Марқұмның жолдасы Қауысбек Тұрысбеков кезінде Шардара аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.
Жұпар апа тек отбасының емес, бүкіл әулеттің берекесін ойлаған, қоғам өміріне белсене араласқан жан еді. Ол шыдамдылықтың, мейірім мен қайсарлықтың үлгісін көрсетті.
RUS