366

Қарағандыда дәрігерлер баланың ішінен «жыланды» алып шықты

Баланың ішінде 12 магнит жатқан көрінеді.

Қарағандыда дәрігерлер баланың ішінен «жыланды» алып шықты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда дәрігерлер 12 магнит шаригін жұтып қойған баланың өмірін аман алып қалды.

Кішкентай бала қатты ішінің ауырғанын айтып жедел жәрдемге түскен. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында тексеру барысында оның ішінен бір-біріне тартылып, «жылан» пішінін алған магнит шариктері табылған.

Бала дәрігерлерге 12 магнит шарын жұтып қойғанын мойындаған.

«Сырт көзге бұл жай ғана ойыншық болып көрінеді. Алайда ағзаға түскен соң бұл шарлар бір-біріне жабысып, ішкі тіндерді қысып, жыртып жібереді. Әр минут кешігу баланың өміріне қауіп төндіреді», – деді облыстық балалар ауруханасының мамандары.

Хирургтер шұғыл ота жасап, баланы аман алып қалды.

Материал авторы