244

28 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.

28 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық
Pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 тамыз күні еліміздің бірқатар облыстарында аптап ыстық, шаңды дауыл, найзағай және күшейген жел күтіледі. Сондай-ақ жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы: батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы: жел бағыты ауысады, оңтүстігінде екпіні 15 м/с жетеді. Батысында күн 35°С дейін ысиды.

Қызылорда облысы: солтүстік, шығыс және орталығында шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, күндіз +40°С.

Ұлытау облысы: 35-38°С аптап ыстық.

Жетісу облысы: шығысы мен солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі.

Ақтөбе, Ақмола, ШҚО, БҚО, Абай, СҚО, Маңғыстау облыстары мен Астана: кей өңірлерде найзағай, тұман, қатты жел, +35°С дейін ыстық және өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы: шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, күндіз +38°С.

Қазгидромет тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді. Өрт қауіпі жоғары аймақтарда от жағудан, құрғақ шөпті өрттеуден бас тарту ұсынылады.

Материал авторы