Астанада элиталық баспанаға байланысты ірі алаяқтық әшкереленді
Екі әйел несие рәсімдеуге көмектесеміз деп сендірген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада екі әйел бірнеше жыл бойы азаматтарды алдап, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып береміз деп сендірген. Залал көлемі – 1 миллиард теңгеден асады.
Алаяқтар өз құрбандарына премиум-класс пәтер сатып алу мен несие рәсімдеуге көмектесеміз деп уәде еткен. Схема өте шебер жасалған: олар жалған келісімшарттар жасап, жалға алынған кеңседе тіркелген компанияның реквизиттерін пайдаланған.
«Алаяқтардың әрекетінен 150 адам зардап шекті. Жалпы шығын – 1 миллиард теңгеден асады. Сот әрқайсысын 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оларға 5 жыл бойы материалдық жауапкершілік пен басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды», – деп мәлімдеді астана прокурорлары.
Белгілі болғандай, сотталушылар шығынның бір бөлігін өтеген. Бұл жайт жазаны жеңілдететін фактор ретінде ескерілді.
Материал авторы