1 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

01.09.2025, 09:12
3471
1 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Pixabay

1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар облыстарында 1 қыркүйек күні ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескертулер жасалды.

Атырау облысы – күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

Абай облысы – батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Семейде найзағай болады.

Ұлытау облысы – солтүстік және шығыс бөліктерінде найзағай болжанған. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы – солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, кейде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы – түнде солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз найзағай мен бұршақ болады. Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысы – солтүстігі мен батысында шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола, Қостанай және СҚО – түнде және таңертең тұман түседі. СҚО-да түнде жауын-шашын, жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары – 35-37 градусқа дейін ыстық болады. Өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысы – оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз 38 градусқа дейін ыстық.

Қызылорда, Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында – желдің күшеюі мен жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында төтенше өрт қаупі бар, Астанада түнде тұман күтіледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды