1859

2 қыркүйектегі ауа райы: шаңды дауыл, найзағай және өрт қаупі

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.

2 қыркүйектегі ауа райы: шаңды дауыл, найзағай және өрт қаупі
Pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қыркүйекте елдің бірқатар аймағында жел күшейіп, шаңды дауыл, найзағай, қатты ыстық пен өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысы: Күндіз өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы: Солтүстік-батыста желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа дейін күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде.

Павлодар облысы: Күндіз оңтүстік пен шығыста найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы: 2 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Найзағай күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысы: Солтүстік пен оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжануда. Кей жерлерде тұман болады. Жел 23 м/с жылдамдыққа дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысы: Өңірдің оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік бағыттағы жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Ақтөбе және Атырау облыстары: Күндізгі температура 35–37 градусқа дейін жетеді. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары: Түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, өрт қаупі жоғары болып отыр.

Батыс Қазақстан облысы: Кей аудандарда найзағай, желдің күшеюі (15–20 м/с) және 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

Жетісу және Жамбыл облыстары: Желдің екпіні таулы аймақтарда 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі өте жоғары.

Астана қаласы: 2 қыркүйекте елордада да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Материал авторы