«1986 жылғы еркек»: Атырауда Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Желіде өзеннен табылған мәйіттің видеосы тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау тұрғындарын 31 тамыз таңында болған сұмдық оқиға дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желілерде Жайық өзенінен табылған мәйіттің видеосы тарады.
Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталды. Ол – 1986 жылы туған ер адам. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты.
Қазір мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама нәтижесінде оның өліміне не себеп болғаны анықталмақ. Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.
Алдын ала деректер бойынша, ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғы әзірге хабарланған жоқ.
Құқық қорғау органдары тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.
Материал авторы