SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның бірнеше облысында шаңды дауыл, бұршақ, қатты ыстық пен өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15–25 м/с-қа дейін жетеді. Атырауда күндіз 35–37 градус ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысында да 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін. Кейбір аудандарда тұман түседі.
Жамбыл, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарында желдің күшеюі болжанады.
Астанада түнде 2 градус үсік жүруі ықтимал.
Синоптиктер өңір тұрғындарын ауа райы қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
RUS