8 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде дауыл, бұршақ және өрт қаупі күтіледі

08.09.2025, 09:07
3159
8 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде дауыл, бұршақ және өрт қаупі күтіледі pixabay

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жария болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 8 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялады.

Түркістан облысында таңертең және күндіз шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында найзағай күтіліп, шығысы мен оңтүстігінде дауыл соғады. Жезқазғанда да найзағай болады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында найзағаймен қоса шквал өтеді. Облыстың бірқатар аумағында өрт қаупі жоғары.

Астанада бұршақ пен дауыл ықтимал. Күндіз жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары болып қалады.

Ақмола облысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде тұман түседі. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында да бұршақ, найзағай, дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы 28 м/с-қа дейін барады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанса, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай болады. Екі өңірде де төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарының таулы аймақтарында найзағай соғады. Жамбылда және Маңғыстауда өрт қаупі ерекше деңгейде.

Павлодар мен Қостанай облыстарында да найзағай күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай, түнде тұман болады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды