9 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жарияланды
Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жария болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында – төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында – қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай және дауыл болуы мүмкін.
Жетісу мен Алматы облыстарында – найзағай, күшті жел, сондай-ақ жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астана мен Оралда – түнде және таңертең тұман түседі.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші