Атыраулық полицейдің өлім аузындағы құлынды құтқарғаны жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Полицейдің әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Атырау облысы полицейінің құлынға қамқорлық танытқан сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Видеода патрульдік полиция взводының командирі Ақылбек Хошаев жол жиегінде әлсіреп жатқан құлынға су беріп тұрғаны бейнеленген. Жақсылыққа толы осы қадам желі қолданушылары арасында жылы пікірге ие болды.
Облыстық полиция департаменті мұндай оқиғалар тәртіп сақшыларының қоғамға деген адами қарым-қатынасын көрсететінін атап өтті.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жолдардағы малға қатысты қауіп-қатерді еске салды. Мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмау, ал жүргізушілерге ауылдық және қала маңындағы жолдарда аса сақ болу қажеттігін ескертті.
Материал авторы