Үндістанда ғибадатхана едені опырылып, 35 адам мерт болды

31.03.2023, 19:16
542
Үндістанда ғибадатхана едені опырылып, 35 адам мерт болды AP

Орталық Үндістанның индуистік ғибадатханасында еден опырылып түсіп, 35 адам мерт болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Мадхья-Прадеш штатының Индор қаласында болған. Еден опырылып түсіп, ғибадатхана ішіндегі адамдар сатылы құдыққа түсіп кеткен.

Сатылы құдықты жауып тұрған еден тек металл торға құйылған плиткадан ғана тұратыны анықталды.

Мадхья-Прадеш штатының ішкі істер министрі Нароттам Мишра қайғылы оқиғаны тергеу басталғаны, ал қаза тапқандардың отбасына өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Ғибадатханада бейсенбі күні болған Рам Навами индуистік фестиваліне көбінде әйелдер мен балалар қатысқан.

Полиция әлсіз еден адамдардың салмағын көтере алмай опырылып түскенін мәлімдеді. Олар құлаған сәтте құдықта шамамен 25 фут (7,6 метр) су болған.

Жергілікті жедел қызмет жұмысшылары құдыққа түсіп кеткендерге жету үшін арқан мен баспалдақтарды пайдаланған.

Оқиға болған сәтте ғибадатханада болған әйелдердің бірінің сөзінше, кей діншілдер құдыққа қол жайып, дұға қылған күйі құлаған, олар не істерін білмеген. Өзі бұрышта тұрғандықтан аман қалған.

Билік өкілдері құтқару жұмысы жалғасып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 18 адам құтқарылды, олардың бәрі ауруханада жатыр.

The Times of India хабарлауынша, Индора қаласы билігі ғибадатханадағы еденді қаңтарда алып тастамақ болғанын дәлелдейтін құжат бар. Себебі ол келушілерге қауіп төндірген.

Өкінішке қарай, олар жергілікті индуистердің наразылығы салдарынан жоспарынан бас тартқан.

Осыған ұқсас қайғылы жағдай былтыр қарашада Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында болды.

Ол кезде Морби өзенінде 135 адам, көп бөлігі әйел мен балалар қайтыс болған еді.

«Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты