SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Қарамұрт ауылында 56 жастағы ер адам 45 жастағы жұбайын аяусыз ұрып өлтіріп, кейін асылып қалғаны анықталды.
Қайғылы жағдай ерлі-зайыптылардың өз үйінде тіркелген. Таңертең балаларын тамақтандыруға оянған төрт бала аналарының қан-жоса күйде жатқан денесін көріп, көршілерден көмек сұраған.
Марқұмның туыстарының айтуынша, әйелдің бет-әлпеті қатты зақымданып, көзі ойылып кеткен. Жанынан қанды балға табылған. Ал көп ұзамай ер адамның өзі ауладағы әжетханада асулы күйінде табылды.
Марқұмның әпкесі сіңлісінің күйеуіне еш себеп бермегенін айтады. Оның сөзінше, 56 жастағы ер адам жұмыс істемей, үнемі үйде ұрыс-керіс шығарып жүрген.
Қазіргі уақытта қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жетім қалған төрт бала – үлкені небәрі 13 жаста, кенжесі 4 жаста – уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.
RUS