467

Астанада ер адам жол үстінде жүргізушіні тепкені үшін қамауға алынды (ВИДЕО)

Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Астанада ер адам жол үстінде жүргізушіні тепкені үшін қамауға алынды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада ер адам көлік жүргізушісіне шабуыл жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.

16 қыркүйекте қаладағы мамандандырылған әкімшілік сотта Қ.-ға қатысты іс қаралды. Тергеу дерегінше, ол проезжая часть үстінде көлікті қуып жетіп, есігін ашып, жүргізушіні бірнеше рет аяғымен тепкен.

Сотта Қ. өз кінәсін толық мойындап, әрекетін эмоцияға берілгенімен түсіндірді. Оның айтуынша, алдымен жәбірленушінің көлігі жолда апатты жағдай туғызған. Осыған ашуланған ол жүргізушіні қуып жетіп, күш қолданған.

Жәбірленуші Е. де оқиғаның болғанын растады. Бірақ ол дене жарақатын алмағанын және айыпталушыға ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Судья Қ.-ның әрекетін қоғамдық тәртіпке ашық қарсылық әрі әдейі жасалған құқықбұзушылық деп танып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы