Алматыда 112 адамды алдап, 168 млн теңгеден аса қаржы жымқырған алаяқ сотталды

17.09.2025, 11:15
428
Алматыда 112 адамды алдап, 168 млн теңгеден аса қаржы жымқырған алаяқ сотталды SMARTNEWS.KZ коллажы

Алаяқ шетелге оқуға түсіремін деп алдағаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда шетелдік университеттерге түсуді «кепілдік беремін» деп уәде еткен ер адам сот үкімімен кінәлі деп танылды. Ол 112 азаматты алдап, олардың ақшасынан 168 миллион теңгеден астам қаржы жинаған.

Сот дерегінше, айыпталушы оқу орталығын құрып, интернеттегі белсенді жарнама арқылы клиент тартқан. Ол балаларды шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға қабылдауды және қаладағы орталық базасында Foundation бағдарламасын ұсынуды уәде еткен.

Алаяқ оқу ақысын төлеуді жеңілдету үшін несие мен бөліп төлеу схемаларын да қарастырған. Бірақ уәде етілген білім де, сертификаттар да берілмеген.

Бостандық ауданының №2 соты ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистияға сәйкес оның жазасы 5 жыл 7 ай 6 күнге қысқартылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды. Сот шешімімен айыпталушыдан 168 млн теңгеден астам қаржы жәбірленушілердің пайдасына өндірілетін болды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды