Астанадағы инфекциялық ауруханада каша ішінен құрт шықты

17.09.2025, 12:53
316
Астанадағы инфекциялық ауруханада каша ішінен құрт шықты polaris.ru

Қайдан пайда болғанын түсінбей отырмыз дейді директор.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы инфекциялық орталықта жатқан жасөспірім пациенттің тамағынан құрт табылды. Оқыс жағдайды оның көрші төсектегі науқасы видеоға түсіріп, жариялаған.

Инфекциялық аурухананың бөлім меңгерушісі Ақбота Әбішбаева оқиғаны аса маңызды көрмей:

«Бұл – жай ғана бөтен зат. Үйде де тамақтан кейде тас немесе басқа нәрсе шығып қалуы мүмкін. Қайнатылған тағамда онша қауіптілік жоқ, тіпті жеп қойса да денсаулыққа зиян тигізбейді», – деп пікір білдірді.

Алайда аурухана директоры Зекен Исақов мұндай жайтқа күмәнмен қарайды.

«Құртты бірге қайнатқанда ол бұзылып кетер еді. Ал мынау бүтін күйінде шыққан. Бұл тіпті түсініксіз жағдай. Бізде асхана аутсорсингке берілген, тамақты Astana Construction – 2050 компаниясы әзірлейді», – деді ол.

Ас мәзірін дайындайтын мердігердің өкілдері өздеріне шаң жуытпай отыр. ЖШС директоры Ботагөз Әкімбекованың айтуынша, әр екі апта сайын жаңа жарма сатып алынады.

«Қайдан пайда болғанын түсінбей отырмыз. Бәлкім, біз алған қоймадағы тауардың ішінде болған шығар. Себебі қап жабық болады, ішіне сырттан ештеңе кірмейді», – деді ол.

Осы оқиғадан кейін аурухана мердігерге ресми шағым жолдады. Дегенмен келісімшартты бұзбайтыны белгілі болды. Компания кем дегенде жыл соңына дейін, тендер мерзімі біткенге дейін жұмысын жалғастырады.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті